2017 жылдың басынан бері Қазақстанда 6,38 млрд теңгеге ұлттық компаниялар, холдинг, республикалық және коммуналдық меншіктегі 60-қа жуық объект сатылған.
Оның ішінде 6,61 млрд теңгеге 56 бірлік кешенді жоспар бойынша сатылған. Ендігі саудада әлі 120 нысан бар.
Жекешелендіру объектілерін тіркеу статистикасына сәйкес, 2013 жылы жекешелендірудің екінші толқыны басталғалы бері 126,905 млрд теңгеге 462 бірлік сатылған (кешенді жоспар бойынша 63,88 млрд теңгеге 232 объект). Оның ішінде 31 республикалық (11,14 млрд теңге), 223 коммуналдық меншік (20,32 млрд теңге) және ұлттық холдингтердің 96 активі (88,57 млрд теңге), ұлттық компаниялардың 110 активі бар.
Ең көп нысан, яғни 47,1 млрд теңгеге 146 нысан 2016 жылы сатылған. Бұл объектілерді сатып алғандардың көпшілігі жеке тұлғалар. Олар 30,6 млрд теңгеге 243 нысанды алған.
Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов шілде айының басында үкіметтің отырысында жекешелендіруден 4-7 млрд доллар шамасында табыс түсуі мүмкін екенін айтқан.
Десек те министр мұндай мәлімдеме жасағанмен әзірге жекешеленетін нысандарға шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұл жөнінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Өмірзақ Шөкеевтен жекешелендірудің үшінші кезеңінде шетелдіктердің қызығуышылығы неге аз екенін сұрағанынан-ақ аңғаруға болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?