Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендірудің екінші кезеңі аясында саудаға қойылды, деп хабарлайды LS.
Әуе айлағын 100% сатып алу құқығы бойынша сенімді басқаруға беру тендерін өткізу 2017 жылғы 20 желтоқсанға жоспарланған. Бастапқы баға - 862,1 млн теңге. Кепілдік жарнасы 129,3 млн теңгеге тең.
"РОСТ-service" компаниясының мәліметінше, 2017 жылдың 30 сәуірінде лоттың құны 862,1 млн теңгеге бағаланған.Тендер шарты бойынша әуежай төрт жылда сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беріледі. Сатып алушы әуе айлағындағы жұмысын 10 жыл бойы сақтауы тиіс.
Сондай-ақ, әуежайды басқаруға келген тұлға өзі басқарған уақытта жолаушылар терминалын қайта құру жұмыстарымен және бір-екі жыл ішінде қайта құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеумен айналысуы керек.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?