"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының бірнеше  содырлары Ирактың Найнава  провинциясындағы Таль-Аффар қаласын жеке мемлекет ретінде жариялап, өздерін халифаттан тәуелсіз топ есебінде таныстырды. 

"Жаңа халифаттың" мүшелері жергілікті халықты қорқытып, олардың билігіне қарсылықсыз бағынуға шақырған. Таль-Аффардағы ұйымнан іргесін аулақ салып, бөлінген топ "Ислам мемлекетінің" басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың өлімінен кейін, джихадшылардың бірлігіне сызат  түсе бастағанын көрсетеді.

Таль-Аффарда Абу Бакр әл-Бағдадидың жақтастарын жаппай тұтқынға алу жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, лаңкестік ұйым басшысының қазасын  11 шілде күні ресми  растаған болатын. Оның орнына билікке кім келгені жарияланған жоқ.

“The Qazaq Times”