Қазақстанда көппәтерлі 20 мыңнан астам тұрғын үй апаттық жағдайда тұр. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі хабарлады. 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың сөзінше, Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй саны – 78371, олардың ішінде – 20 437 (26%) апаттық жағдайда тұр.

Енді бұл мәселені Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да назардан тыс қалдырмақ емес. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жүйесін сапалы модернизациялау керек. Бизнестің мәселесін шешуге, шоғырландыру, нығайту үшін және қызмет үшін негізді қалыптастыруға арнайы құрылған «Атамекен» осы бағыттағы жұмысты қарқынды жүзеге асыруды қолға алды.

Жоба бойынша ең алдымен әлеуетті қатысушылар тобын, заңнамалық жетілдірілмегендікті, басқарушы компания мен ПИК-тің мүмкіндіктерін және әлеуетін зерттеу жоспарланған. Жобаның толық мерзімі ішінде Ұлттық палата бизнеске жылжымайтын мүлікті басқаруды дұрыс әрі жоғары деңгейде басқаруға көмектесу үшін бірнеше семинар ұйымдастыруды жоспарға енгізген.

Ал «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастық Төралқасының төрағасы Петр Своиктың сөзінше, тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығына екі деңгейлі жүйе енгізілгені  жөн.

«Біріншіден, бір үй – бір кондоминиум – бір Пәтер иелерінің кооперативы. Екіншіден, қалалық ықшам аудан деңгейінде басқарушы компанияларды МЖӘ жобасы негізінде құру қажет», – деп ұсынды  «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастық Төралқасының төрағасы Петр Своик.

Осыған байланысты ұлттық палата өкілдері нарыққа қатысып отырған тараптарды және орын алған мәселелерді де анықтап, жүйелеу қажет екенін атап өтті.

“The Qazaq Times”