Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақта бір тәуліктің ішінде 133 рет оқ атылғанын хабарлады.

Ресми мәлімдемеде «Арменияның Қарулы Күштері ірі колибрлі пулеметтерді қолданып, Таулы Қарабақтың әртүрлі аумағында, бір түннің ішінде 133 рет «оқ жаудыруды тоқтату туралы» бейбіт келісімді бұзды деп жазылған.

2016 жылы 2 сәуірде Армения мен Әзірбайжан Таулы Қарабақ оқиғасы шиеленісіп тұрғанын айтқан болатын. Әзірбайжан тыныштықты бұзғаны үшін Арменияны кінәласа, Армения Әзірбайжан әскері шабуылды бірінші бастады деп өз сөзінен қайтпаған еді. Сол жылы 5 сәуірде екі тарап бейбіт мәмілеге келіп, шекарада оқ атуды біржола тоқтату туралы келісімге қол қойған. Бірақ одан бері екі ел бірін-бірі бейбіт келісімді бұзды деп бірнеше рет айыптап үлгерді.

“The Qazaq Times”