Әзірбайжан мен Армения шекарасында атыс болып, армян сарбазы көз жұмды. Оқиға жөнінде қос тараптың ресми мәліметі қарама-қайшы.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, сарбаздар Ерасх учаскесінде инженерлі техниканы қолданып, бекіністер салмақ болған. Бірақ армян тарапы оны тоқтатуға әрекет еткен. Яғни олар Нахичеван автономиялық республикасы аудандарының біріне қарай оқ жаудырған. Ал Армения БАҚ-тарының дерегінше, бірінші әзірбайжан жасақтары армян әскеріне қарсы оқ атқан.
Екі ел арасында қарулы қақтығыс жиі орын алады. 1990 жылдардың басында Совет одағы тарап, Армения мен Әзербайжан тәуелсіз мемлекетке айналған тұста екі ел арасында соғыс болып, Әзербайжан Лачин ауданын бақылаудан шығарып алған. Аудан мәселесі бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Биыл қыркүйекте 1990 жылдардан бері алғаш рет Таулы Қарабақ пен оның айналасында үлкен қақтығыс басталған. Ресейдің араағайындығымен 9 қарашада қол қойылған келісім бойынша, Армения отыз жылдай бақылауында ұстаған Таулы Қарабақ айналасындағы үш аудан – Агдам, Келбаджар және Лачинді Әзербайжанға қайтаруға уағдаласқан.
1994 жылы атысты тоқтату келісімінен соң әзербайжандар мен олардың әскері аймақтан кетіп, этникалық армяндар қоныстанған Таулы Қарабақ де-факто дербес ел ретінде өмір сүріп келген.