Армения мен Әзірбайжан шекарасында атыс болып, 3 армян жауынгері қаза тапты. Тағы екі сарбаз жараланған.
Әзірбайжан жағынан да адам шығыны бары айтылады. Тараптар шекарадағы атыс үшін бір-бірін айыптап отыр.
Негізінен екі ел арасында қарулы қақтығыс жиі орын алады. Мұның бірнеше себебі бар. 1990 жылдардың басында Совет одағы тарап, Армения мен Әзербайжан тәуелсіз мемлекетке айналған тұста екі ел арасында соғыс болып, Әзербайжан Лачин ауданын бақылаудан шығарып алған. Аудан мәселесі бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.
Биыл қыркүйекте 1990 жылдардан бері алғаш рет Таулы Қарабақ пен оның айналасында үлкен қақтығыс басталған. Ресейдің араағайындығымен 9 қарашада қол қойылған келісім бойынша, Армения отыз жылдай бақылауында ұстаған Таулы Қарабақ айналасындағы үш аудан – Агдам, Келбаджар және Лачинді Әзербайжанға қайтаруға уағдаласқан.
1994 жылы атысты тоқтату келісімінен соң әзербайжандар мен олардың әскері аймақтан кетіп, этникалық армяндар қоныстанған Таулы Қарабақ де-факто дербес ел ретінде өмір сүріп келген.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?