ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен "Жоғары теxнология күндері" республикалық акциясы аяқталды. Қазақстанның жетекші дәрігерлері екі ай ішінде аймақтарда 350-ге жуық ота жасап, 150 шеберлік сыныптарын өткізді.
Өз саласын жетік меңгерген мамандардың бастамасымен 6700 медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткен шарада 120-ға жуық оқу семинарлары ұйымдастырылып, профильді мамандар үшін түрлі тақырыптағы дәрістер оқылды. Аймақтарда облыстық және қалалық көп профильді ауруxаналарда ем қабылдап жүрген науқастарға кеңестер беріліп, 5100-ге жуық ұсыныстар айтылды.
Онан бөлек, өңірлерде дәрігерлер бригадасының қатысуымен тізе эндропротездеу және жамбас буындары, балалардың туа бітті даму ақаулары, ересек емделушілердің қатерлі ісіктерін алып тастау, қолқа жамбастық және жамбас-тізе асты ұштастыру, гастростома диагноздары бойынша оталар жасалды.
Танымал медицина мамандарымен тәжірибе алмасқан өңірлік дәрігерлер біліктілігін арттырып, ауруы асқынған науқастарға республикалық медициналық орталықтарға жату үшін жолдама берілді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды