Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Президентке биылғы сәуір айында қаланы дамытуға арналған кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп берді, деп хабарлайды ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
"Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды, – деді Мемлекет басшысы.
Ә.Исекешев Президентке аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.
Сонымен бірге Астана қаласының әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.