Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Қазкоммерцбанктің депозитік рейтингін «B3»-тен «Ba2» деңгейіне, Халық банктікін «Ba2»-ден «Ba1»-ге көтерді.

Сондай-ақ, Moody’s Qazkom-ның қамтамасыз етілмеген үлкен міндеттерін «Caa2»-ден «B1»-ге көтерсе, Халық банктің базасын «ba3»-ке, камтамасыз етілмеген үлкен қарыздарын «Ba3» деңгейінде бекітті.

"Екі банктің де ұзақ мерзімді рейтингтері төмен болып қала береді, бұл Қазақстанның тәуелсіздік рейтингіне сәйкес келеді", - делінген агенттік хабарламасында.

Хабарламада айтылғандай, Қазкоммерцбанктің рейтингінің көтерілуі үкіметтің  проблемалық активтерінің көп болуына байланысты қаржылық тұрақтылығын нығайту үшін банкке берген қаржысы есебінен және Халық банкпен болып жатқан келіссөздер нәтижесінде болып отыр.

Ал Халық банк рейтингінің көтерілуіне қаржы институтының Қазкоммерцбанкті капиталдандыруынан кейінгі қаржылық көрсеткіші әсер етті.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев банктің 86.09% жай акцияларын сатып алу-сату туралы "Халық банк" АҚ-ның мәмілесіне қол қойды.  Акцияларды сатып алу құны 1 қазақстандық теңге мөлшерін құрады. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат Қоры"  да  Қазкоммерцбанктің 10.72% жай  акциясын  1 теңгеге сатып алды.

“The Qazaq Times”