"Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев банктің 86.09% жай акцияларын сатып алу-сату туралы "Халық банк" АҚ-ның мәмілесіне қол қойды. Бұл туралы Халық банктің баспасөз қызметі хабарлады. Акцияларды сатып алу құны 1 қазақстандық теңге мөлшерін құрайды. "Самұрық-Қазына" Ұлттық Әл-ауқат Қоры" АҚ-ның Қазкоммерцбанктің 10.72% жай акциясын сатып алу бағасы да 1 қазақстандық теңге.
Рақышев мырза және Самұрық-Қазынаның мәмілеге отыруы 2017 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметі (Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі атынан), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, "Самұрық-Қазына" Проблемалық Кредиттер Қоры АҚ, БТА Банк АҚ ("БТА Банк" ), Қазкоммерцбанк, Рақышев мырза және Халық Банкпен Негіздемелік Келісімге қол қоюы аясында болғаны бұрын хабарланды.
Мәміленің аяқталуы бірқатар шарттардың алдын ала орындалуын көздейді:
- Проблемалық Кредиттер Қоры БТА Банктің бірқатар активтер мен қарыздарын сатып алуы;
- БТА Банк Қазкоммерцбанк алдындағы 2.4 триллион теңге берешегін өтеуі;
- Қазіргі таңда Qazaq Financial Group, Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін акцияларды (соның ішінде, жай акцияларға қатысты шығарылған жаһандық депозитарлық қолхаттар үлгісінде) Рақышев мырза сатып алуы
- Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы
Қазіргі уақытта мәміленің аяқталуы 2017 жылдың үшінші тоқсанында деп күтілуде, бірақ, қандай жағдай болмасын 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталуы мүмкін.
Мәміле аясында және алдын ала талаптар орындалғаннан кейін сатып алынатын жай акциялар пакетіне төленген сатып алу құнына қосымша Халық банк Казкоммерцбанкті 185 млрд теңгеге қосымша капиталдандыратыны күтілуде. Халық банк Казкоммерцбанкті қосымша капиталдандыруы өз қаражаты есебінен болуы мүмкін.
Мәміле өз мәресіне жеткеннен кейін, Халық тобы ауқымды бөлімше желісімен, банкоматтар және POS-терминалдармен, банктік, сақтандыру және брокерлік, сондай-ақ активтерді басқару сегментінде қызметтер және өнімдер желісін толық ұсынатын, барлық клиенттік сегменттерде негізгі орын алатын қазақстандық қаржы секторында көшбасшы қаржылық тобы бола алады.