Уақыт өте келе ғылым мен техналогияның дамуы адамның физикалық еңбегін жеңілдетіп отыр. Болашақта, көптеген қызмет көрсету орындарындағы адамдарды роботтар да алмастыруы мүмкін. Бұған дәлел, Дубайда ХҚКО мамандардың жұмысын арнайы роботтар атқара бастаған. Демек, роботтар мен техналогиялар өміріміздің бір бөлшегіне айналып барады. Енді алдағы 10-15 жылдың көлемінде нарықтан кететін және толықтай заманауи техналогиялық жабдықтармен алмастырылатын қызмет түрлерін іздеп көрейік.

1.Сауда орталықтарындағы кассир

Дүкендердегі кассирдің қызметі – тауардың штрих кодын теріп, бағаны есептеп, ақшаны алумен шектеледі. Сол себепті де, болшақта сатып алушылар арнайы компьютердің көмегімен тауардың құнын біліп, ақшасын төлейтін болады. Яғни, бұл жұмыс автоматтандырылатын болады. Қазірдің өзінде, Чехияның көптеген сауда орталықтарында, дүкендерде өз-өзіне қызмет көрсету кассалары жұмыс жасайды.

2.Күзетшілер

Аймаққа келген адамдарды танып, бақылаушы карталарын тексеріп, кіргізіп отыратын техналогиялар Қытайда сынақтан сәтті өткен болатын. Бұл толықтай күзетшінің қызметін атқара алады.

3.Тіс дәрігерлері

Медицинаның дамуы да көптеген қызмет түрлерінің қажетсіз болып қалуына себеп болып отыр. Бәлкім, естіген боларсыз, ғалымдар адамның тісін өздігінен емдеп, эмальдағы және тістегі тесіктерді бектіп, тістің өзін-өзі емдеуіне көмектесетін тіс пастасын жасады.

4.Құрылысшылар

Соңғы кезде танымал бола бастаған 3D принтерлер барлық құрылыс нысандарын адамның физикалық көмегінсіз жасап шығаруға мүмкіндігі бар.

5.Бухгалтерлер

Ақшамен, есеппен айналысатын адамдардың қиын жұмысын компьютерлік бағдарламалар толықтай алмастыратын болады.

“The Qazaq Times”