Катар Сауд Арабиясы мен Израильді қатар атап, бұл елдер дінді саяси мақсаттарына пайдаланып отыр деп айыптады. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлайды.
Катардың Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комитеттің төрағасы Али бин Самих әл-Марри: «Ұлттық комитетке көптеген катарлық азаматтардан шағымдар келіп түсті. Олардың шағымдарында Катар азаматтарын Сауд үкіметі әл-Харам мешітіне кіруіне жол бермей отырғанын , әрі елден тезірек кетуін талап еткенін айтуда», – деп мәлімдеді. Ал, осыдан бұрын Иерусалим қаласының Палестинаға тәуелді аймақтарды басқарушы органдар Израиль әскерилерінің мұсылмандарды әл-Ақса мешітіне кіріп-шығуын шектеп отырғанын мәлімдеген болатын.
Сауд Арабиясы үкіметі соңғы жылдардан бері Сүрия, Иран, Йемен мемлекеттерінің азаматтарын, өткен аптадан бастап Катар азаматтарын қажылық парызын өтеуінен мақұрым етті. 2015 жылы Иранмен дипломатиялық қатынасын үзген Сауд Арабиясы, ирандықтардың қажылық рәсімдерін өтеп, Мекке мен Мадина қалаларына баруына шектеу қойған. 2016 жылға келгенде Иран жақ азаматтарының қажылық парызы үшін Кербала шөліне баруды белгілеп, Сауд Арабиясының жасаған әрекетіне ашық айып таққан болатын.