Оның мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтау. Жедел-алдын алу іс-шарасы қаңтардың 6-сы мен 25-і аралығында Алматы аумағында өтетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының ІІД Баспасөз-қызметі хабарлап отыр.
«Көптеген спортшылар мен басқа елдің қонақтары қатысатын ірі халықаралық деңгейдегі спорттық оқиға Универсиада-2017 қарсаңында қауіпсіздікті сақтау мәселесі басымдыққа ие болады. Соған байланысты Алматы қаласы мен мегаполиспен шектесетін Алматы облысының бірнеше аудандарында негізінен жаттығу сипатындағы ауқымды жедел-алдын алу шараларын өткізу жоспарлануда. Оған құқыққорғау органдарының ауқымды күштері қатысады. Тұрғылықты жерге байланысты ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұратын адамдар тексерістен өткізіледі. Оданда басқа аңшылық атыс қару иелерінің оларды сақтауы және қаруды қайта тіркеу ережесіне сәйкестігіне байланысты тексерілетін болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес штабындағылар.
Сонымен бірге АҚЖШ Алматы мен оған шектесетін аудандардағы тәртіпті қамтамасыз ету шараларын өткізуге байланысты азаматтарды түсіністікке шақырады, сондай-ақ барлық жерде бірдей құқыққорғау органдары қызметкерлеріне жаппай жәрдемдесуге үндейді.
"The Qazaq Times"