Жапон елінің патша әулеті ішінде 200 жылда болмаған өзгеріс болды. Жапония парламенті патшаларына көз жұмбай тұрып патшалық тақты босатып беруіне рұқсат етті. 85 жастағы Жапон императоры Акихито өткен жылы денсаулығына байланысты, патшалық тақты көз жұмбай тұрып өткізіп беру туралы парламенттен шешім сұраған болатын.
Жапон патша әулетінің заңы бойынша, тақта отырған патшасы көз жұмбай тұрып, билікті босатуына болмайтын болып белгіленген.
Парламент император Акихитоның патшалық тақты босатуына рұқсат беретін заң жобасын мақұлдады. Алайда, бұл заң жобасына тек бір-ақ рет атқарылады деп ескертілді. Акихитоның орнына мұрагер ханзада 57 жастағы Нарухиту отыратын болды.
Жапон тарихында осыдан бұрын 1817 жылы Кокаку патша ғана өз тағын тірі кезінде ұлы Нинкоға өткізіп берген болатын.