Жапонияда жаңа император таққа отырды. Бұрынғы император 85 жастағы Акихито денсаулығына байланысты тақтан бас тартатынын жариялаған болатын. Бұл Жапония тарихында 200 жылдан бері болмаған.

2017 жылы Жапонияның парламенті императордың тақтан бас тартуына рұқсат беретін заң жобасын мақұлдаған болатын. Жапон патшасы тақтан бас тарту туралы тілегін осыдан бірнеше жыл бұрын білдірген еді. Патша тағына Акихитоны ұлы Нарухито отырды.

Иператор Акихито тақтан бас тартты. Фото: REUTERS.

Жапон жұртының заңына сәйкес, патша отбасында саяси билік жоқ. Алайда, Жапонияның ел бірлігі мен ұлт тұтастығының символы ретінде патша отбасына үлкен құрмет көрсетіледі. Халық наразы болған жағдайда үкіметті де ауыстыруға қақысы бар.

Акихито патшаның тұсында жапон халқы талай ауыр күндерді басынан өткерген. Акихито соның бәрінде шапағатшыл, халықшыл патша ретінде есте қалған. Сейсенбі күні патша әулетінде тақтан бас тарту және таққа отыру салтанаты өткізілді. Нарухито әкесінен «қасиетті қанжарды» алып, патша әулетінің салтын сақтауға және бұрынғы императордың жолын жалғауға уәде беріп таққа отырды.

“The Qazaq Times”