Астана басшылығы қалада өтетін халықаралық форум кезінде азық – түлік бағасының күрт өсуін болдырмау бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың сөзіше, бағаның күрт өсуі мен қасақана өсіру болмайды.
"Біз баға мүлдем көтерілмейді деп айтпаймыз. Бірақ, біз бағаның күрт өсуі мен қасақана өсіру болмайтындығын жеткізгіміз келеді. Сонымен қатар, көтерілу үрдісін басып және бағаның сақталуын бір диапазонда ұстап, қаржыландырудың осындай түрін ұзақ мерзімге ұсынып отырмыз", - деді М.Бектұрова.
Оның айтуынша, бағаны қалыптастыру саласына мүмкіндігінше әсер ететін бірқатар нарықтық механизмдер бар. "Атап айтқанда,сауда желілеріне және көтерме бағамен жеткізушілерге жеңілдікпен несие беру бойынша екі бағдарлама жұмыс істеп жатыр. Егер, екінші деңгейлі банктер жеткізушілерге 16-18%-бен несие берсе, ал әкімдік несиені дәл сол банктер арқылы 7-8,5%-бен береді. Сәйкесінше, бұл тауардың нақты бағасына тұтынушылар үшін оң әсер етеді", - дейді әкімдік өкілі.
Бағаны ұстау мақсатында қолданылатын әкімдіктің басқа механизмі – азық – түлік қорын құрып, олардың жетткізілуін қамтамасыз ету.
"Біз барлық мүдделі ұйымдармен есептестік, соның ішінде ірі сауда желілерінің басшыларымен де, содан түйгеніміз - ЭКСПО өткізу кезінде өнімдерді атау реті бойынша тұтыну айтарлықтай 10-нан 50 пайызға өседі. Соның ішінде алкогольсіз сусындар. Сондықтан сәуірдің басынан-ақ өнімнің осы түрі бойынша және тағы басқа қатардағы өнімдерді тиеу жүргізілуде", - деп Астана әкімінің орынбасары жалғастырды.
Сонымен қатар, Бектұрова тұрғындар 10-15 пайыз арзан бағаға азық-түлік сатып ала алатын аймақтық өндірушілердің тұрақты жәрмеңкелері елордадағы баға тұрақтылығына оң әсер ететінін де атап өтті.
Айта кетейік, өткен айда Астана өмір сүру құны "қымбат" өңір болған. Себебі басқа қалалармен салыстырғанда бас қалада негізгі қажетті тауарлар мен қызмет көрсету құны 9,2%-ға өскен. Азық-түлік пен сусындардың бағасы 13,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар құны 11,7%-ға, ақылы қызметтер 2,2%-ға жоғары болған.