EXPO-2017 халықаралық көрмесінде сувенирлер сатылымы 300 млн теңгені құраған. Бұл туралы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Рысгүл Қауғабева мәлімдеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Рысгүл Кауғабаеваның айтуынша, көрме кезінде кәдесый өнімдерін сататын 630-нан астам сауда орындары жұмыс істеген. Дүкендердің ассортиментінде 250-ден астам өнім түрі ұсынылған.

Осылайша, аталған сауда нүктелерінде 300 млн теңгеге 175 мың лицензияланған тауар сатылған. Басшының сөзінше, Астана тұрғындары мен қонақтары былғары, саз, күміс, киіз және бояудан жасалған кәдесый өнімдерін жиі сатып алған.

Сондай-ақ, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерін танымал ету мақсатында Астана арбатында, Бәйтерек монументінің жанында қолөнершілер қалашығы және «Нұр жол» саябағында кәдесый дүкендері құрылды.

“The Qazaq Times”