Қазақстанда шетелдің бизнесі өзінің мүмкіндігін артырып жатыр. Бір жыл ішінде шетелдіктердің иелігіндегі немесе шетел азаматтары қатысқан компаниялардың саны бірден 25%-ға артып,3,4 мың ұйымға артқан. Мұндай мәліметті Finprom.kz агенттігі келтірген.
Ал Қазақстандағы жалпы шетелдік немесе шетелдік емес кәсіпорындардың өсімі 2016 жылдың сәуір айынан бері 7%-ды құрады.
Сондай-ақ, шетелдік компаниялардың бизнес ортадағы үлесі өткен жылмен салыстырғанда 5,9%-дан 6,9%-ға өскен. Агенттіктің мәліметінше, елеміздегі шетелдік құжатпен тіркелген компаниялардың көбеюі ел экономикасындағы шетелдік инвестиция көлемінің артуымен байланысты.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанға шетелден келген тікелей инвестиция көлемі 40%-ға көбейіп, 20,6 млрд долларға дейін жетті.
Сонымен ең көп шетелдік компаниялар сауда саласында жұмыс істеп жатыр. 2017 жылдың сәуір айындағы нәтиже бойынша Қазақстанның сауда саласында 6,7 мың шетелдік компания жұмыс істеуде. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,3 мыңға артық.
Сондай-ақ, шетелдік кәсіпорындар құрылыс, өндіруші өнеркәсіп салаларында көбейген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды