Қазақстан халықаралық өркендеу рейтингінде 11 сатыға көтеріліп, 72 орынға тұрақтады.
The Legatum Prosperity Index ұсынған мәліметтерге сенсек, мемлекет оқыту бойынша ең жақсы көрсеткішке (35 орын) ие болған. Ал еркіндік деңгейі мүлде төменгі деңгейде - 128 орын. Мұнда елдің құқыққа, еркіндікке, толеранттыққа қатысты көзқарасы сипатталады. Ал экономика сапасы 46 орында тұр. Бизнес орта бойынша 53 орында. Мелмекеттік басқару ісі 99 орынға жайғасқан. Денсаулық сақтау деңгейі 60 орында болса, қауіпсіздік пен қорғау 55-ші, әлеуметтік капитал -85-ші, экология 95 орында тұр.
Жалпы алғанда Қазақстан өркендеу рейтингінде Қырғызстаннан (82 орын), Қытайдан (90 орын), Ресей (101 орын) және Армения (96 орын), Беларусьтан (95 орын) озған.
Рейтинг бойынша үздіктер қатарында - Норвегия, Жаңа Зеландия, Финляндия. Ал ең соңғы орында - Судан (147 орын), Орталық Африка Республикасы (148 орын) және Йемен (149 орын).
Айта кетейік, бұдан бұрын Index of Economic Freedom ақпараты бойынша Қазақстан экономикалық еркіндік рейтингінде 41 орынға ие болған және әне Орталық Азия елдері мен Ресейден озық тұр.