Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі тағы бір айға созылды. Енді ол 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін қамауда болады. Бұл туралы "Қазақпарат" Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баяноваға сілтеме жасап хабарлады.
"Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты күдікті Қуандық Уәлиханұлы Бишімбевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін созу туралы шешім қабылдады", - деп келтіреді ақпарат агенттігі Баянованың сөзін.
Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев осы жылдың 10 қаңтарында қамауға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдерінің ақпаратына сүйенсек,ол топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан. Кейінірек Қызылордадағы әйнек зауытын салу кезінде 1 млрд теңге жымқырған деген күдікке ілінгені хабарланды.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды