Бахрейн, Сауд Арабиясы, Египет және БАӘ Катармен дипломатиялық қатынастарын үзді.
Катармен саяси-дипломатиялық байланысын үзу туралы шешімді алғаш Бахрейн корольдігі мәлімдеген болатын. Елдің ресми агенттігінің жариялаған хабарламасына сәйкес Манаманың бұл қадамға баруына Доханың Бахрейн Корольдігіндегі қауіпсіздік жағдайы және тұрақтылыққа қауіп төндіріп, елдің ішкі саясатына да ықпал еткендігін, БАҚ-тағы арандатушылық пен террористік топтарға қалдау көрсеткендігі себеп болып отыр.
Бахрейн катарлық дипломаттарға корольдіктің аймағынан кетуге 8 сағат берген болатын.
Сонымен қатар, Манама Дохамен барлық әуе және теңіз қатынастарын үзе отырып, Катардың және елдің азаматтарына Катарға баруға тыйым салған.
Бахрейн осы мәлімдемені жасағанына бірнеше минуттар өткеннен кейін осы секілді шешімдерді Эр-Рияда, Каир және Абу-Даби қабылдады.
Сауд Арабиясы және Египет те көрші мемлекетпен құрлық, әуе және теңіз байланыстарын үзіп отыр.
Египеттің СІМ ресми мәлімдемесінде: «Египет Республикасының үкіметі Катар билігінің бізге қатысты дұшпандық қылық танытқаны үшін барлық дипломатиялық қарым-қатынасты үзу туралы шешім қабылдады» - делінген.
БАӘ Доханы «Мұсылман бауырлар» бастаған лаңкестік, экстремистік және конфессияаралық топтарды қолдап, қаржыландырып отыр деп кінәлауда.
Өз кезегінде Сауд Арабиясы бастаған араб коалиясы Катардың «Әл-Каида» мен «Ислам мемлекеті» ұйымдарын заңсыз қолдағаны үшін Йемендегі әскери операцияға қатыспайтындығын айтып отыр.
Катар мен көршілерінің арасындағы жанжал Эр-Риядадағы Парсы шығанағы елдері мен АҚШ-тың қатысуымен өткен саммиттен кейін басталған болатын. Катардың ақпараттық агенттігі Әмірдің атынан Иранмен қарым-қатынасты жақсарту туралы сөзін жариялаған. Бірақ кездесуде Сауд Арабиясының билігі барлық қонақтардың атынан Тегеранды «дұшпандық саясаты» үшін кінәлап, тиісті жауап қайтарылатындығын мәлімдеген.
Кейін Катардың сыртқы істер министрінің ресми өкілі агенттіктің сайтын хакерлер бұзып, Әмірдің сөзін де солар жүктегенін хабарлаған. Бірақ Сауд Арабиясы, БАӘ және Бахрейн Катардың бұл мәлімдемісін негізсіз деп тауып, Иранға қатысты айтылғандар шынымен Әмірдің сөзі болуы мүмкін екенін жеткізген.
БАӘ сыртқы істер министрі Анвар Гаргаш Катарға көршілерімен байланысын қалпына келтіру үшін саясатын өзгертіп, бұрынғы қателіктерін қайталамауға кеңес берді.