Алматы қаласында Астана уақытымен 23:57 шамасында жер сілкінісі болды. Эпицентрі Алматының солтүстік-батысынан 10 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 2,9 балл. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 6,3. Ал қаланың орталығында жер сілкінісі 2 баллдық деңгейде сезілген.