АҚШ президенті Дональд Трамп таққа отырғаннан кейін бір қатар өзгерістер жасау шешімдерін жасаған. Соның ішінде Израильдің Тель-Авив қаласындағы Құрама Штаттың өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру ісі де бар болатын. Бұл Трамп қана емес Америка мен Еуропа және Орта-Шығыс үшін аса нәзік мәселенің бірі. Елшілікті Иерусалим қаласына орналастыру, Иерусалимды Израильдің орталық қаласы деп мойындау болып саналады. Ал бұған тұтас араб әлемі қарсы тұруы мүмкін.

"Түрік Теле-Радио" қызметінің ресми сайты жариялаған бір хабарда, Еуропалық одақтың да Трамп жасаған шешімге келісе бермейтінін айтты. Өңірлік тұрақтылықты сақтап тұру үшін бұл шешімнен бас тартқаны дұрыс деп санайды.  ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі жоғары өкілі Федерика Могерини бұл туралы: "Әлем тұрақтылығы мен орнықтылығы үшін, әсіресе Орта-Шығыс мәселесінің оңға басуы үшін барынша сабырлы шешімдерді жасауға тиіспіз. Бір тарапты шешімдерден, соның ішінде әлем халықтарының пікіріне бүтіндей әсер ететін шешімдерде аса байыптылық танытуымыз керек", – деді.

Трамп билігі 1995 жылғы "Өкілетті елшіліктер заңы" негізінде Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіруді көздеп отыр. Себебі, АҚШ-тың бұл заңында өкілетті елшілік сол елдің әкімшілік, саяси орталығында болуы тиіс.  Аталған заң қабылданғаннан бері АҚШ-тың бірде бір президенті таластағы қала Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындап, оған елшілік көшірмеген болатын. Бірақ 1967 жылы Израиль жағынан жаулап алынған Иерусалим Халықаралық құқықтар қорғау ұйымы жағынан еш елдің меншігі болып саналмайды. Ислам дінінің қасиетті құндылықтарының бірі әл-Акса мешіті орналасқан Шығыс-Иерусалимді Иордания мен Мысыр елі өз бақылауына алып отыр.

“The Qazaq Times”