Израиль полициясы елдегі қауіпсіздігі жоғары түрмеден қашып шыққан алты палестиналықтың төртеуін ұстады.Ұсталған төртеу 11 қыркүйек күні сот алдына барды. Олар Израильдің солтүстігінде қолға түскен.
Израиль полициясы түрмеден қашқандарды қолға түсіру үшін күні-түні жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Түрмеден қашқан адамдардың бесеуі – "Ислам жиһады" тобының мүшесі. Алтыншысының "Фатах" тобына қатысы бар. Төртеуі лаңкестік әрекет үшін сотталған, екеуі бостандығынан өмір бойына айырылған.
Алты палестиналық 6 қыркүйек күні түрмеден туннель арқылы қашып шыққан. Бұл жағдай Израиль түрмесі жүйесіндегі кемшіліктерді көрсетіп, түрмеден қашқандарды Палестинаның батырына айналдырды.
Газа секторы мен Батыс жағалауында палестиналықтар жиын өткізіп, түрмеден қашып шығу оқиғасын тойлатты. 10 қыркүйек күні Газа секторындағы палестиналық топтар Израильге қарата зымыран атып, түрмеден қашқандарға қолдау білдірді. Израиль қарымта шабуыл жасады. Дәл осындай жағдай 11 қыркүйек күні де болған.
Израиль полициясының хабарлауынша, қашып шыққандардың екеуі Израильдің солтүстігіндегі Умм әл-Ғанам қаласындағы автотұраққа тығылған. Солардың бірі Зәкария Зубейди 2000-жылдардың басында палестиналықтардың екінші көтерілісінде қаруланған топтың лидері болған. 2019 жылы оған рақымшылық жасаған, бірақ кейін оны шабуылға қатысы бар деген күдікпен қайта ұстаған.
Оның алдында Умм әл-Ғанам қаласынан батысқа қарай орналасқан Назарет қаласында тағы екеуі ұсталған. Қалған екі адамды әлі іздеп жатыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы