«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз бөлімі қазақстандықтардың арасында туылған баланы eGov порталы арқылы тіркеу кең қолданылып келе жатқандығын хабарлап отыр.

Соңғы бес жылдың ішінде туылған баланы тіркеу, бала күтімі үшін берілетін жәрдемақы құжаттарын рәсімдеу, баланы балабақша кезегіне қою секілді қызмет түрлерін азаматтар  интернеттің көмегімен-ақ жүзеге асыратын болған. Бұл бағдарлама алғаш 2012 жылы қолданысқа берілгенде – 8 мың қызмет тіркелген болатын, 2016 жылы – 430 мыңға дейін жеткен, ал 2017 жылдың алғашқы бес айында 106 мың адам порталдың қызметіне жүгінген екен.

Қазіргі таңда порталға жаңа қызмет түрлері де енгізіліп жатыр. «Баланың туылуы» қызметі арқылы бірден балаға ЖСН алу, туу туралы куәлікке өтініш тастау, балаға төленетін жәрдемақыны есеп шотқа аудару секілді қызметтерді  интернет арқылы орындауға мүмкіндік бар.

“The Qazaq Times”