«Цифрлық Қазақстан» бастамасының түпкі мақсаты - ел азаматтарының цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Осы орайда Республика ауқымында көптеген жоспарлар, бағдарламалар құрылып, іс-шаралар атқарылуда. Сол тізімде халыққа қызмет қөрсету орталықтарында ашылып жатқан оқыту сыныптары да бар. Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының» Алматы қаласы бойынша №1 Медеу аудандық бөлімінде 38 орындық «Egov» оқыту сыныбы ашылды. Сынып кураторлары жасына, жынысына, ұлтына қарамастан екі тілде азаматтарды бекітілген график бойынша оқытатын болады. Қарапайым электрондық цифрлық қолтаңба алудан бастап, электрондық порталда қолжетімді барлық бағыттағы мемлекеттік қызмет түрлерін алуды видеороликтер мен тәжірибелік сабақтар арқылы үйретуде. Болашақта аудан территориясындағы мекемелер, ұйымдар мен келісе отырып қызметкерлерге топтық сабақтар өткізу көзделіп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарын цифрлық сауаттылықты арттыруға шақырамыз!
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы