Қазақстан азаматтары жеке куәліктегі жеке сақтандыру нөмірінің дұрыс еместігін айтып, бірнеше мәрте шағымданған.
Аталған мәселені шешу үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жеке сақтандыру нөмірлерін түзету туралы заңға қол қойды. Куәліктердің неліктен қате жазылғандығы жайлы депутат Шәкір Хахазов: «Заң мен нормативтік актілерде ЖСН-ны түзетуге қатысты ешқандай ереже жоқ. Осындай жағдайдың болмауы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері тарапынан өтініш берген кезде ресми түрде бас тартуға негіз болады. ЖСН-ны иеленудегі қателіктің салдарынан адамдар жылдар бойы жасын, тіпті жынысын дәлелдеуге тырысады. Сол себепті мәселе дер кезінде қолға алынуы тиіс», – деді.
БАҚ-та салық қызметі, банктер мен өзге де ұйым, мекемелер тарапынан төлем қабылдаудан және кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартып отырғаны туралы ақпарат тарады. Мұның басты себебі ақпарат құралдарының хабарлауынша, ЖСН-дегі мәліметтер адамның туған күнімен, немесе туған жылымен кейбіреуінде тіпті жынысымен сәйкес келмейді. Жеке сақтандыру нөмірлерінде кеткен қателік әрбір азамат үшін үлкен қиындыққа әкеп соғады. Мәселен, кәсіпкер бизнесі құрдымға кетуі мүмін. Себебі кәсіп иесі мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Бұдан бөлек, осы уақытқа дейін салықты, зейнетақы жарналарын және коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеген азамат өзінің қайтыс болғандығы жайлы ақпарат алған. Электронды үкімет жүйесінде ер адам ретінде тіркелген әйелдер де бар. Осы сынды бір ғана цифрдан кеткен өрескел қателер өріп жүр.
Жуырда осы мәселеге қатысты ҚР ІІМ-нің Миграциялық қызмет комитеті бұқаралық ақпарат құралдарында мекемелер мен қызмет көрсету орындарының жеке сәйкестендіру нөміріндегі (ЖСН) қателікке байланысты төлем қабылдаудан бас тарту мәселесіне қатысты жағдайды түсіндірді. ІІМ таратқан хабарламада: «Біз өз тарапымыздан мұндай әрекеттерді заңсыз дер едік. ЖСН туу туралы куәлік берілген кезде автоматты түрде қалыптасады (2009 жылға дейін ол жеке құжатты немесе жеке куәлікті дайындаған кезде қалыптасатын) және ол өзгермеу, теңдессіздік прициптеріне негізделеді», – делінген. Енді банктер қолданатын компьютерлік бағдарламаларда ЖСН-ді тексеру алгоритмі қайта жасалады және ол азаматтардың жеке мәліметтерімен байланыстырылған.