Бүгін 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Адамзат болашағының мұрагерлері – балаларға назар аударып, олар туралы ойлауға мұрсат беретін күн. Балалық шақты елестеткен әр адамның қамсыз, бақытты күндер есіне оралары анық. Алайда, қатал қоғамымыз кей адамзат баласын бақытты бала шағынан айырды. Екінші дүние соғысы жылдарынан кейінгі қазақ әдебиетіне «Бізде балалық шақ болған жоқ» деген тақырыптардың кірісуі бір біздің емес, тұтас адамзат қоғамын үлкен сотқа тартатыны шын.
Дүниеге деген таным жаңарған, жаңа өркендеу дәуірі жеткен бүгінгі күнде де біз әлемдегі аз болмаған аймақтардағы жазықсыз сәбилердің аянышты тағдырлары туралы естіп, біліп отырмыз. Біз бүгін әлемнің бір мүшесі ретінде адамсүйгіштік, бауырмалдық, ізгілік, мейірім тұрғысынан соғыс өрті қамаған елдердегі балалық шағы оқ астында опат болған балалар туралы ойланайық.
Сәуір айында БҰҰ көрсеткен мәлімет бойынша әлемде 22 млн бала аштықта өмір сүріп отыр. Соның ішінде 1,4 млн бала хал үстінде жатыр. Осының басым көбі әлемде соғыс туылып жатқан 30-дан астам мемлекетте болған жағдай.
БҰҰ көрсеткен мәлімет бойынша, тек қана 1990-2003 жыл аралығында 2 миллионнан астам жазықсыз баланың өмірін соғыс жалмаған. 6 млн.-нан астам бала мүгедек болды немесе жарақат алды. 12 млн бала баспанасынан айырылған. Ал бұл көрсеткіш қазір Екінші дүние соғысынан бергі ең жоғары шекке жетіп отыр. Бір ғана Сүрия соғысында жарты миллион адам көз жұмса, қаза болғандардың әр алтыншысы балалар. 300 мыңға жуық бала гуманитарлық көмекке зәру болып отыр. Сүрияның өзінде 2015 жылы 522 бала тек қана соғыста көз жұмса, 2016 жылы одан 20 пайызға артқан. Баспанасыз балалар саны бұлардан әлде қайда көп.
Ал, Йеменде аштықтан өзегі талып 2 млн бала мейірімді жандардың көмегін күтіп отыр. Оның ішінде 60 мыңнан астам балаға аштықтан өлім қауіпі төніп тұр. Ал сіз осы мәліметтерді оқып отырғанда бұл статистикалық көрсеткіштердегі сандардың өзгеріп жатқанын ескеріңіз.
Соғыс туылған елдердегі балалардың өмірі опат болумен бірге, тірі қалғандардың болашақ өркені көктей орылуда. Террорлық топтар мылтық көтере алмайтын балалардан тартып ересектеріне дейін жанкештілікке желіктірсе, бүлдіршіндей қыздарды жезөкшелікке баулыды немесе шетелдерге сатты. Ирак, Сүрия жерінде жантүршігерлік химиялық сынақтарға үлгі болған жасөспірімдер санының өзі неше жүзден асады.
Соғыс туылған елдерді былай қойғанда, бейбіт елдерде жарық дүние есігін ашпай жатып қатал тағдырға телінгендер қанша ма! Күн сайын тебіндеп келе жатқан адам ағзасы саудасы да балалар өміріне төнетін қауіпті күшейте түсуде. Ана-анасы жағынан қараусыз қалып тірі жетім күн кешкен балаларды бүгінгі мереке де қалай құттықтасақ та адамзат қоғамының айыбын жуа аламыз ба!
«Балаларды қорғау күні құтты болсын»!
Бәріміз балаларды қорғайық!