31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қолдауымен, «Жастар үні» ЖҚБ «Көзқарас» жобасы аясында «Мен сенемін жастарға» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Қазақстанға танымал Дос Көшім, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Еркін Рақышев, Ғабиден Жәкей сынды азаматтар қатысты. Дөңгелек үйтелде жоғарыда аты аталған азаматтар жастармен 1929-1933 жылдары болған ашаршылдық жайында, 1937-1938 жылдарғы репрессия құрбандары жайында ой бөлісті.
Жастарымен бас қосуда Дос Көшім «Біз тәуелсіз ел атансақта Алаш зиялыларының құрған бағдарламасындағы бір ғана дүниені орындадық. Ол жеке муфтият құру. Қалғанына әлі жете алмай келеміз.» деді.
Ал саясаттанушы Расул Жұмалы «Осы уақытқа дейін талай зобалаңды, ашаршылықты, репрессияны басынан өткерген Израйль де, Украина да бұл дүниелерді мемлекеттік дәрежеде, Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде геноцид деп таныды. Ал біз әлі отырмыз. Сол баяғы қорқақтық, сол баяғы желтақтық» деді.
Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым «Кезінде кеңес заманында кеңес қайраткерлерін насихаттап келдік, кітабын шығардық, көше бердік. Бір қалада мысал үшін Мирзоянның да көшесі тұр, бір қалада Алаш қайраткерлерінің де көшесі тұр. Бұл қалай болды, таза «шизофриния» ма? Көше атаулары ең алдымен саяси мәселе. Көше атауларының өскелең ұрпақ тәрбиесіне, психологиясына тигізетін әзері өте зор. Қазір осыған байланысты бізде кең көлемдегі кешенді көзқарас жоқ.» деді.