Соңғы жылдары Қазақстандағы астықтың сапасы төмендеп кеткен. Мысалы 2011 жылдары 1-ші және 3-ші санаттағы астықтың көлемі 88% болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 45%-ға дейін құлдырап кеткен. Ал 4-5 санаттығы астықтың сапасы керісінше, 2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін 10%-дан 41%-ға көтерілген. Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылық вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді.
"Осындай нәтиже көрсетіп отырғандықтан сапасы жоғары таза тұқымдарды субсидиялау қайта қалпына келтірілді. Биылғы жылы тұқымдық үшін 7,7 млрд теңге бөлу мүмкіндігі туды және бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,2 есеге жоғары", - деді бірінші вице-министр.
Айтуғановтың сөзінше, қазіргі кезде көктемгі егін жұмыстары 85%-ға аяқталған. Көктемнің салқын болуына байланысты егін кеш басталуына қарамастан жұмыс қарқыны өткен жылдың деңгейіне жатіп қалған.
Ал минералды тыңайтқыштарды сатып алуға 13 млрд теңге субсидия бөлінген және бұл өткен жылға қарағанда 2 млрд теңгеге көп. Сондай-ақ, субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері 2016 жылы 86 мың тонна болса, биылғы жылы шамамен 161 мың тоннаны құрайды.
Қазақстан үшін астық сапасының төмендеуі жақсы емес. Себебі еліміздің экономикасын мұнайдан кейін ауыл шаруашылығы өнімдері жақсарта алады. Алайда олардың сапасы төмен болса сыртқы нарыққа шығуы екіталай. Бұл дегеніңіз, басқа бәсекелес елдерге еріксіз жол береміз деген сөз.