Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Әзербайжанның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді кредитік рейтингін бағалап, "BB+/B", деңгейінде қалдырды. Мұндай мәліметті елдің қаржы министрлігі таратты.
"Агенттік Әзербайжанның кредиттік рейтингін кезектен тыс бағалау кезінде "BB+/B" деңгейінде қалдырды. Мұндай бағалаудың басты себебі Әзербайжан халықаралық банкінің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдау мәселесі болды", - дейді Қаржы министрлігі.
S&P мамандарының сөзінше, ЖІӨ-ге шаққандағы Әзербайжанның сыртқы қарызының өсімі 2017 жылдың қаңтарында елдер рейтингін бағалау кезінде есепке алынған. Сондықтан ӘХБ-ға қатысты жағдай әзірге Әзербайжанның рейтингіне әсер ете қоймайды.
Бұған дейін ӘХБ 3,3 млрд доллар қарызды қайта құрылымдау үшін Нью-Йорк сотына өздерін банкрот деп тану туралы өтініш жіберген. Сот бұл істі 7 маусымға шегерді.
Еске салайық, Әзербайжанның бұл банкіне қазақстандықтардың 71,3 млрд теңгеге жуық зейнетақы жинағы салынғаны туралы хабарланған. Осыдан соң Әзербайжан билігі проблемалы банкке салынған қазақстандық зейнетақы қаржысы қайтарылатынын мәлімдеген. Дегенмен ӘХБ қарызды қайтарудың тиімсіз үш нұсқасын ұсынып отыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді