2020 жылдың 27 қыркүйегінде басталып бір жарым айдай қиян-кесті шайқасты бастан өткерген Таулы Қарабақта тағы соғыс оты тұтанды. Әзербайжан мен Арменияның Таулы Қарабақ үшін тартысы ары қарай жалғасып жатыр.
Қақтығыс салдарынан Армения өз әскерінің бір бөлігінің қаза тапқанын және екі жауынгерлік позициясының жоғалғанын айтса, Әзірбайжан екі сарбазының жараланғанын хабарлады.
Сейсенбі күні кешке екі тарап Ресейдің арашалауымен атысты тоқтатуға келісті. Әрі Армения билігі қауіпсіздік саласындағы маңызды одақтасы Ресейден Әзербайжанға қарсы аумақтық егемендігін қорғауға көмектесуді сұрады.
Бұған дейін Армения соңғы ұрыс үшін Әзербайжан әскерін айыптап, 12 сарбазының тұтқынға алынғанын мәлімдеген.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Арменияны «мемлекеттік шекараның Калбаджар және Лачин облыстарында Әзірбайжанға қарсы ауқымды арандатушылықтар жасады» деп айыптап отыр.