Қазақстанның қор биржасы (KASE) акционерлері биржаның 2016 жылғы таза табысын жарияламай, оны биржаны дамыту жұмыстарына жұмсау туралы шешім қабылдады.
Өткен жылдың нәтижесі бойынша, таза табыс 721,8 млн теңгені құраған және бұл 2015 жылмен салыстырғанда 26,3%-ға төмен.
«Биржаның операциялық кірісінің төмендеуі қызметтер мен комисся табысының азаюымен байланысты. Бұл біздің нарықтағы жағдай. Алайда біз бұл төменгі көрсеткішті инвестициялық қызметтен табыс табу арқылы 650 млн теңгеге дейін көтердік. Бұл KASE нарығын дамытуға және стратегиясын жүзеге асыруға жұмсалады», — деді KASE-нің басқарма төрағасы Алина Алдамберген.
Тексерілген консалтингтік қаржы есебінің мәліметі бойынша 2016 жылдың 31 желтоқсанында KASE тобының активтерінің көлемі 7,8 млрд теңгені құраған және 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 6,3 %-ға (522,3 млн теңге) азайған. Есептік кезеңде жеке капитал 14,8 % (0,9 млрд теңге) немесе 7,2 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
Есеп беру жылының нәтижесі бойынша биржалық топтың жалпы кірісі 2 154,8 млн теңгені құраған және бұл өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда ,392,2 млн теңгеге немесе 15,4 %-ға кем. Сондай-ақ негізгі қызметтен түскен кіріс 1 507 млн теңге және 144,7 млн теңге немесе 8,8 %-ға кем.