Тәжікстанның қырғыз шекарасындағы Ляхшы (бұрынғы Жергетал) ауданында тұратын бірнеше отбасы Қырғызстанға көшіп барды.

Олардың жаппай көшуіне бірнеше мәрте қайталанған жер сілкінісі түрткі болған. Аймақта табиғат апатынан әбден бүлінген үйлер тұруға жарамсыз болып қалған.

Алға ауылының төрағасы Давлат Маннонов бірнеше отбасының Қырғызстанға жер сілкінісінен қорқып көшкенін растады.

Ляхшы ауданында апаттан нақты қанша үй зардап шеккені әлі белгісіз, бірақ тұрғындар ондаған үй қирап қалғанын айтып отыр.

Бұл аудандағы Алға ауылы тұрғындарының көбі - қырғыздар. Олардың көбісінің Қырғызстанда туыстары тұрады.

qazaqtimes.com