2017 жылы мемлекеттік секторларда жұмыс істейтіндерге жұмсалатын шығын 1,32 трлн теңгеге дейін өседі. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға жоғары екен.
Energyprom сарапшыларының мәліметінше, 2017 жылы 1,32 трлн теңгенің 1,2 триллионы еңбекақыға, 112 трлн теңгесі өтемақы төлемдеріне, 7 млрд қосымша ақшалай төлемдерге, 242 млн міндетті зейнетақы жарнасы үшін жұмсалмақ.
Жалпы мемлекеттің жалақы қорындағы мемлекеттік сектордың үлесі 22%-ды құрайды. Қазіргі кезде елдегі мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 98,9 мың адам. Олардың 53 мыңы орталық органдарда жұмыс істесе, 46 мыңы жергілікті атқарушы органдарда қызмет етеді.
Енді 2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің балдық шкаласы енгізіледі. Бұл жүйе жұмысшылардың жауапкершілігі мен қызметті орындаудағы қиындықтарын есепке алатын болады.
Айта кететін жайт, сәуір айында жергілікті БАҚ еліміздегі депутаттардың жалақысы 30-50%-ға немесе 700 мың теңгеге дейін көтерілгені туралы ақпарат таратты. Жалпы депутаттардың алатын орташа жалақысы - 500 мың теңге. Ал 2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы төменгі жалақы мөлшері - 24 459 теңге.