Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов дүниеден озғанан кейін ресми Ташкенттің жаңа басшысы Шавхат Мирзеевтің билік басына келуі, әлемдік геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы, терроризм мен заңсыз миграция мәселелері Орталық Азия мемлекеттерінің бірігуге қадам жасауларына алып келді.
Бұған дейін көп жағдайда саяси, экономикалық тұрғыдан жабық есік жағдайындағы саясатты ұстанып келген Өзбекстан соңғы уақытта өзінің сыртқы саясаттағы ұстанымын өзгерткендігін көрсетті. Бұған дәлел Шавхат Мирзеевтің Мәскеуге жасаған ресми іс сапары. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық аймақта сауда-саттық кешенін салуға байланысты келісімге келуі. Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы өз ара әріптестікті нығайтуға және шекараны делмитациялау мен демаркациялауға байланысты мәселелерді шешуге қадам жасауы. Бұл Өзбекстан билігінің сыртқы саясатта көрші елдермен жақындасқысы келетіндігінің белгісі.
Бұдан бөлек Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-саттықтың жыл санап өсуі. Қазақстанның артынан ресми Бішкектің кедендік одаққа кіруі. Осының барлығы Орталық Азия елдерінің кеңестер одағы құлағалы бері бірігуге, жақындасуға жасаған сәтті қадамдарының бірі.
Бірақ бұл қазіргі Орталық Азия елдері басшыларының кеште болса істеп жатқан жұмыстарының нәтижесі. Бұған дейін Орталық Азия елдерін біріктіруге Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевта «Орталық Азия бірлестігі», «Орталық Азия экономикалық қауымдастығы», «Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымын» құруға бірнеше рет ұмытылыс жасаған болатын. Алайда ол кезде көршілес елдердің басшылары бұл бастамаларды қолдаусыз қалдырған еді. Кейіннен бұл ұйымдардың орынына Евразиялық экономикалық одақ құрылды. Қазіргі таңда оған Белоруссия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения елдері мүше екені белгілі. Бірақ бұл жерде кедендік одаққа мүше бес елдің ішінде Ресейдің экономикалық салмағы басымырақ екендігін айта кеткен жөн. Алайда шет елдік сарапшылардың болжамы бойынша бұл олқылықты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан саяси, экономикалық, әскери, сауда-саттық салалары бойынша күш біріктіру арқылы жоюы мүмкін.
Сарапшылардың болжамы бойынша бұл бірігуі шарасыздықтанда туындап отырған көрінеді. Өйткені әлемді бөлшектеуге күш салып жатқан алпауыт мемлекеттер арасындағы текетіресте жұтылып кетпес үшін бүгінгі таңда Орталық Азия мемлекеттерінің бірлестігі ауадай қажет болып тұр. Оның үстіне Орталық Азия тыныштығыда күн тәртібінен түспей тұрған мәселелердің бірі. Олай дейтін себебіміз қазір Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан әлемді мазалап отырған үш проблемалық аймақтың іргесінде отыр. Олар Солтүстік Кавказ, Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және Ауғанстан. Бұл аумақтардың қаупі әр алуан діни экстремизмнен бастап, қару-жарақ, наркотик тасымалы, заңсыз миграция мәселелері. Осы уақытқа дейін Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Түркіменстанда, Тәжікстанда бұл мәселелерді бірігіп шешуге ешқандай күш салмай келген болатын. Соның салдарынан Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан азаматтары Сүрияға соғысқа аттанып, Европа да, Ресейде лаңкестік шабуылдар жасап жатқаны белгілі.
Бұдан бөлек егерде Орталық Азиядағы бауырлас елдер бірігетін болса, экономикалық тұрғыдан да бұл шешім тиімді болар еді. БҰҰ есебінше егерде Орталық Азия елдері өздерінің орналасқан жерлерін пайдаланып Ұлы Жібек жолын жандандаратын болса, 10 жылда жалпы ішкі өнімін 2 есеге ұлғайатын көрінеді. Бұл дегеніміз шикі затқа тәуелді Қазақстан экономикасына үлкен көмек болары анық. Осы мақсатта ресми Астана 2008 жылы «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолын салуды бастапта кеткен болатын.
Қорыта келгенде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан интеграциясы Орталық Азияда шешуін таппай отырған көптеген мәселелердің түйінін тарқатары анық. Оның үстіне Ресей мен Қытай сынды алпауыт көршілерімен "терезесі тең" жағдайда диалог жүргізулеріне мүмкіндік берер еді. Не де болса қазіргі жақындасуға жасалып жатқан қадамдар құптарлық дүние. Ал нәтижесін уақыт көрсете жатар.