Еуропалық хабар тарату қоғамы Ресей мен Украинаға «Евровидение» байқауының жарлығын бұзғаны үшін санкция жарияламақ. Бұл туралы байқаудың ұйымдстыру комитетінің басшысы Франк-Дитера Фрайлинг мәлімдеді.
Фрайлинг мырзаның айтуынша, жарлыққа сәйкес Украина байқауға қатысушы елдердің барлығының өнер көрсетуін қамтамасыз етуге міндетті болған. Ал ресейлік әнші Юлия Самойловаға қатысты украиналық тарап бұл міндетті орындаудан бас тартқан. Ал Ресей өкілдері байқауға байланысты маңызды басқосуларғе себепсіз келменгендігі үшін жазаланып отыр.
Әзірге екі елге қандай санкция жарияланатындығы белгісіз. Бұл туралы мәселе келесі аптада қарастырылатындығы жайында айтқан болатын. Сонымен қатар санкция негізінде қандай шара қолданылатындығы да Евровидениенің ақтық мәресінен кейін белгілі болмақ.
"The Qazaq Times"