Үндістанның «Economic Times» басылымының бір күн бұрынғы хабарына қарағанда, Үндістан, Жапония және АҚШ бірлескен, Үнді мұхитта өтетін жыл сайынғы «Малабар» (Malabar) теңіз әскери оқу-жаттығуын шілдеде өткізуді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Үндістан жағы бұл әскери оқу-жаттығуға Австралияны бақылаушы ретінде қатыстырғалы отырғанын айтты. Үндістанның дәстүрлі әскери қимылға Австралияны тартып отырғанының өзіндік себебі бар. Бұл болса Қытай, Үндістан және Австралия арасындағы қарым-қатынастың шах-мат ойынына ұқсап кетеді.

Үндістандағы аталған басылымның сараптауынша, Австралияның Қытайға қаратқан саясаты барған сайын нашарлауда. Екі ел қарым-қатынасын экономикалық одақтас ретіндегі жауапкершілік пен баланстар ғана ұстап тұр деуге болады. Австралияның сыртқы саясатының басты ұстанымдарының бірі Қытаймен сауда қатынасында басымдылықты ұстап тұру. Ал, Үндістан жағы Австралияның бұл мақсатын іске асыру үшін Үндістан, АҚШ, Жапония, Австралия төрт жақты одаққа тартып отыр.

Қытай сарапшылардың айтуынша, Австралия мен Жаңа-Зеландия болса «Қытай әлемінде» өмір сүріп отыр. Қытай Австралияның ең негізгі сауда серігіне айналып келеді. Бұған Үндістан разы емес. Ол қалайда екі ел арасындағы серіктестікке сызат салып, Австралияны өз қатарына тартпақ. 2007 жылы Австралия «Қытайдан құтылу» саясатын жолға қойып, «Төрттік сауда одағынан» шегініп шықты. Сол жылы Үнді мұхитындағы әскери оқу-жаттығуға қатысты.

Ал, өзге елдің сарапшыларының көзқарасында, Үндістанның Австралияны әскери жаттығуға ұсыныс етуі мен Австралияның көші-қон заңын қайта қараудың тікелей қатысы бар. Австралия үкіметі өткен айда 457 шетелдік білікті жұмыскерлердің визаны жойғанын жариялады. Бұл әрине үндістандық жұмыскерлерге әсер ететіні анық. Үндістаннан шетелге шығып жұмыс істейтін білікті мамандар көп. Бұл Индияның экономикалық саясатының бір бөлегіне айналып кетті. Жұмыскерлердің сыртқа шығуы қиынға соғатын болса, халық саны Қытайдан да тез өсіп келе жатқан елде қиыншылық ауырлай түспек.

“The Qazaq Times”