Қытай дүйсенбіден бастап бір уақытта бес жерде әскери оқу-жаттығу өткізуде. Бұл Қытай Халық азаттық армиясының соңғы екі ай ішінде екінші рет бір мезетте бес жерде әскери жаттығу өткізуі.

Соңғы айларда АҚШ-Қытай қарым-қатынасы күрт нашарлап, Тайуан (Тайвань) бұғазы мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі екі елдің әскери жаттығулары мен өзге де әскери іс-қимылдарының саны өсті.

Қытай қарулы күштері таратқан ресми мәлімдемеде теңіз әскери оқу-жаттығуларының Оңтүстік қытай теңізі, Шығыс қытай теңізі және Бохай теңізінің солтүстігінде өткізілетіні айтылған. Хуаңхай мен Шығыс Қытай теңізіндегі жаттығуларда шынайы оқтар пайдаланылатыны ескертілген. Әрі бұл аталған теңіз айдындарындағы жаттығу 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Азаматтық кемелердің аталған теңіз айдындарына кіруіне шектеу қойған.

Қытай армиясының жауынгерлік шеберлікті шыңғау үшін әскери жаттығу өткізуі қалыпты жағдай. Алайда, бір уақытта бес жерде әскери жаттығу өткізу қалыптан тыс әрекет.

Қытайға жақын теңіз аймақтарында таласты территориялар өте көп. Қытайдың Оңтүстік теңіздегі (Қытайда осылай аталады) жасанды аралдардың әскериленуі аталған теңізге шектесетін мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін және халықаралық маңызды су жолындағы қауіпсіздік мәслелелері қауіпке тақалды. Бұл қадам сондай-ақ, АҚШ пен Қытай арасында суыта түскен мәселенің бірі.

“The Qazaq Times”