Өткен аптада Батыс ақпарат құралдары АҚШ қорғаныс күштерінің Грекияға әскери техникаларды көптеп орналастырғаны туралы көптеп талқылаған болатын. Кейбір басылымдар бұрын АҚШ-тың жаңа әскери әрекеттерге дайындалып жатқаны деп те болжаған. Алайда, Пентагон тарабы бұндай болжамды теріске шығарды.
АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі Эрик Пахон Грекиядағы әскери техникаларды Еуропадағы біріккен әскери жаттығуларға дайындалып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, АҚШ пен оның НАТО одақтастары (Еуропадағы) арасында біріккен әскери-оқу жаттығу өткізу жоспарланған. Біріккен әскери жаттығулар Еуропаның 9 елінде өтеді деп белгіленген.
Бұған дейін Грекияға АҚШ-тың 700-ден астам әскери техникалары жеткізілген. Пентагон жаттығу жоспарларына сәйкес Грекияда әскери операциялардың жүргізіліп жатқанын айтады. Сондай-ақ, Оңтүстік Еуропа мен Балқан өңірінде 9 рет әскери жаттығу өтетінін мәлімдеде.
Түркия мен бірқатар батыстық басылымдар, АҚШ әскери техникаларының көптеп топтастырылуы Орта Шығыстағы соғыс қаупін күшейткенін жазған.