2017 жылы 26 сәуір күні Республика сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ән-би ансамблі мен бірлескен оркестрінің Ұлттық ұлан әскерінің 25 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай «Ұлы Дала ұландары» атты Гала-концерті өтеді. Аталған шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және Республика сарайының әкімшілігінің бірлескен жобасымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Мәні бөлек мәдени шара Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты еліміздің рухани жаңғыруының бірегей бағдарламасы аясында ұйымдастырылу үстінде.
Концертке Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, қалалық мәслихат депутаттары, күш-қуат ведомстволарының, комитеттер, департаменттердің басшылары, ардагерлер, БАҚ өкілдері, Алматы гарнизонының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.
Шараның концерттік бағдарламасында еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Эльмира Баққали, Мұрат Нұрғазиев, Естай Мұқашев, Еділ Құсайынов, сондай-ақ Ғайни Жұмашева, Асхат Таушев, Бауыржан Тұрғымбаев сынды көптеген байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді. Концертке Ұлттық ұлан Ән және би ансамблінің бастығы Дархан Рахымғалиев көркемдік жетекшілік жасайды.
Сонымен қатар мерекелік концертте «Азия дауысы» және «Славянский базар» халықаралық байқауларының лауреаты Маржан Арапбаева, ансамбльдің фольклорлық тобы, вокальдық тобы және тағы басқа да өнерпаздар ұжымы өз өнерлерін көрсететін болады.
Концерт басында кеш қонақтары Ұлттық ұланның фототілшісі Вячеслав Гельблингтің Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік тыныс-тіршілігі жайлы фотокөрмесімен таныса алады. Осы орайда, егемен еліміздің Отан қорғаушыларының фотошежіресін жасауда В.Гельблингтің сіңірген еңбегі атап өтерлік. Оның көпшілік фотосуреттері жұрт көңілінен шықты. Қазіргі таңда майталман маманның жеке мұрағатында әскери салаға қатысты бір миллионнан аса фотосурет жиналған.
2017 жылдың 10 қаңтарында, мемлекетіміз тәу етер Тәуелсіздігімізге қол жеткізген тұста Елбасы Жарлығымен жасақталған Ішкі әскердің, бүгінгі таңдағы Ұлттық ұланның құрылғанына 25 жыл толды.
Құқықтық тәртіп әскері ішкі істер органдарының біртұтас жүйесіне кіреді және еліміздің ішкі тыныштығын қас қақпай күзетіп, жеке адамды, қоғам мен мемлекетті қылмыс пен заңға қайшы әрекеттерден қорғауды сенімді жүзеге асырып келеді.
Концерт 2017 жылы 26 сәуір күні сағат 11.00-де және 19.00-де Алматы қаласының Республика сарайында өтеді. Кіру тегін билеттер мен шақыру билеттері бойынша.
Аккредитация үшін байланыс телефондары: 8-778-397-11-10, 8707-937-66-78, 8 747 887 98 72, 8 777 246 23 26, 8 778 260 37 08
Қазақстан Республикасы, Ұлттық ұланының баспасөз қызметі
"The Qazaq Times"