Қаңтар қырғыны бойынша Талдықорғанда 7 реткі өтіп жатқан ұсталғандарды азаптаған полицейдер ісі бойынша сот өтіп жатыр.

Бұған дейін тыңдалған үш жәбірленушіның айтқанындай бүгін жауап берген Сарқыт Салхановта өзін азаптағандардың тек біреуінің ғана осында отырғанын. Тану кезінде анық көрсетіп берген Бақытжан атты екінші қызметкердің жоқ екенін айтып тергеуге қайта жіберуді сұрады.

«Тергеу кезінде Айдын Кенжебаев пен Бақытжан деген екі кісіні таныған болатынмын. Бұған дейін талай сот болыпты. Оларға қатыса алмадым. Үйқамақта отырдым. Келе алмадым. Рұқсат бермеді. Бұл жерде Айдын бар да, ана кісі жоқ. Беттестіру екеуімен бір күнде болды. Бұл жерде бір шикілік болып тұр ғой. Мені итше тепкілеген адам жоқ. Істі қайта қарау керек. Мен көрсеткен жігітті осы жерге алып келу қажет. «Мен таныған адам тергеуге неге келмеді» деп сұрасам «ол жігітті Батырбаев екеуің ғана таныдыңдар, басқа дәлел жоқ» деді. Дәлел болу үшін видео болу керек дейді. Ол күні бүкіл ДВД-ның камерасы өшіп жатты. Телефондарымызды тартып алды. Қайдағы видео дәлел. Біз бір жұтым суға зар болдық», - деді Салқанов.

Алайда судья бұл өтінішті қатағаттандырусыз қалтырды.

Судья Бекмұрат Дүйсенбеков бұған дейінде істі қайта тергеуге жіберу туралы өтінішті қанағаттандырмаған болатын.

Бұған дейінгі сот отырысында Дәурен Айтов пен Арман Теңізбаев та істе тергеу кезінде таныған адамдардың жоқ екенін айтып, қайта тергеу өткізуді сұраған. Ол кезде де судья өтінішті қанағаттандырмаған.

Талдықорған қалалық сотындағы азаптау ісінде 23 адам жәбірленуші, 5 полиция қызметкері күдікті деп танылып қаралып жатыр.

Жеті реткі отырыста әзер үш жәбірленуші тыңдалды. Қалған 20 жәбірленушіні қанша уақыт тыңдайтыны белгісіз. Бұл туралы сотты әдейі созып президент Тоқаевтың "Рақымшылық" заңын күтіп отыр деп күдіктенетіндер де бар.