Бүгін 3 ақпанда Жетісуі облысы, Талдықорғандағы қалалық сотта Қанды қаңтар қырғыны кезінде ұсталғандарға үтік басып, тырнақтарына ине жүгіртіп тағы да басқа түрлі азаптаулармен кінәларын мойындатпақ болған «азаптаушы» бес полицейдің үстінен қозғалған сотта жарыссөз басталды. Мемлекеттік айыптаушы Ажар Нұрланова судья Бекмұрат Дүйсенбековтан күдіктілерді кінәлі деп танып, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.
Прокурор Айдын Кенжебаевты кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
– Кенжебаев Айдын Еркінұлын ҚР ҚК 146 бабының 2 бөлігінің 1,2,3,4 тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімінде құқық қорғау жүйесі мен мемлекеттік қызмет лауазымдарын атқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, – деді.
Мемлекеттік айыптаушы күдіктілер Сапармұрат Тоқташ пен Жанбақыт Нұртазаны кінәлі деп танып, 4 жылға, Алмас Боқанов пен Ермек Жұмашевты 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Снымен қатар Нұрланова сотталушылардың барлығын лауазымды шендерінен, 3 жыл мерзімінде мемлекеттік және құқық қорғау жүйесінде қызмет атқару құқығынан айыруды, жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу жазасын тағайындауды сұрады.
Еске сала кетсек: "Азаптаушы" 5-іне тағылып отырған айып қылымыстық кодекістің 146и Азаптаулар бабындағы бөліктерінде "1) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 2) бiрнеше рет; 3) денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтiре отырып; 4) кiнәлi адамға жүктiлік жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекетке деп көрсетілсе, тағайындалатын жаза – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады." -делінген.
Айыпталушылардың адвокаттары прокурордың өтініш-талабына қарсылық білдірмеді. Тек жарыс сөзге дайын емес екендерін айтып сөтты кейінге қалтыруды сұрады.
Судья Дүйсенбеков айыпталушы жақтың өтінішін қанағаттандырып сотты алдағы 6 ақпанға қальтырды.
Жәбірленуші тараптан Елнұр Тұрахметов пен Арман Теңізбаев судьядан сотталушыларға шартты жаза беруін сұрап, МВД өздеріне де шартты жаза бергенін алға тартты.
– Бес сотталушыға шартты жаза беруіңізді сұраймын. Өйткені осындай жағдай болған кезде ІІМ бізге де кешірім берді. Сондықтан бұларға да кешірім берулеріңізді талап етемін. Біз де кешірім беріп отырмыз. Менен басқа жәбірленушілердің барлығы осылай сұрайды деген үміттемін. Бұл кісілер біздің қойған талаптарымыздың барлығын орындап, көмектесті, – дегенді айтты.
36 реткі өтіп жатқан сот отырсында 23 жәбірленуші, 5 айыпталушы бар.