10 ақпан, 2023 жыл. Жетісу облысы, Талдықорған қаласы. Қалалық соттың 39 реткі отырысында «Азаптаушы» полицейлердың соңғы сөзі тыңдалды.
Сотталушы Айдын Кенжебаев соңғы сөзінде: Барлық жәбірленушілерден кешірім сұраймын. Бізге әділ шешім қабылдайды деп үміттенеміз. Шартты жаза қолданады деген үміттенеміз. Өзім отбасында жалғыз асыраушы екенімді айтқым келеді және кәмелетке толмаған балам бар екенін назарыңызға алуыңызды сұраймын. Осы істеген істердің барлығын қара басымды ойлап істегем жоқпын. Әрине өкінішті бұлай болғаны, үкімет жағынан да бізге әділсіздік басым болып тұр, әділ шешім қабылдайсыз деп сенемін деді- деді.
Келесі сотталушылар: Алмас Боқанов, Нұртаза Жанбақыт, Сарпармұрат Тоқташ, Ермек Жұмашевтер қаңтар оқиғасына байланысты жәбірленушілерден кешірім сұрайтынын, шынымен өкінетіндерін, соттан шартты түрде соттауды сұрайтындарын айтысты.
Қанды қаңтар қырғынында ұсталғандарды азаптады деп айыпталып қамауда отырған 5 полицейге қатысты сот 2022 жылдың 9 қыркүйегінде басталған. Істе 23 жәбірленуші бар. Денелеріне үтік басылып, тісі жұлынып түрлы азап көрген жәбірленушілер әуелде әділ сот үкімін талап етіп барлығын соттау туралы талап қойған. Алайда соңында барлығы бірдей өздерін азаптағандарға кешірім беріп, судья Дүйсенбековтан сотталушыларды бас бостандығынан айырмайтын жаза қолдануды талап етті.
Сотталушылар мен олардың адвокаттары жәбірленушілерден де кешірім хат жинап айыптаушы прокурордан Қылмыстыс кодекстің 63 бабымен Шатты түрде соттауға өтініш берген.
Жетісу облыстық прокуратурасы айыпталушылардың бұл ұсыныстарын қабылдамай істі соттың қарауына қалтырған.
«Азаптаушылардың» соңғы сөзін тыңдаған судья Бекмұрат Дүйсенбеков кеңесу залына кетті. Сот үкімі 16:00 де оқылады деп күтілуде.