Қаңтар қырғыны. Азаптау ісі бойынша сот отырысы тағы да кейінге қалдырылды.
Жетісу обылысы, Талдықорған қаласындағы қалалық сотта судья Бекмұрат Дүйсенбеков қаңтар қырғынында ұсталғандарға түрлі азаптау көрсеткен полиция қызметкерлерінің сотын 6 қазанға қалдырды.
Қаңтар қырығны кезінде жаппай наразылыққа шыққан Талдықорғандықтарды түрмедеүтік басып түрлі жантүршігерлік азаптау көрсеткен. Бүгінде осы азаптаған полиция қызметкерлерінің бесеуіне қылмыстық іс қозғалған.
Бұған дейін жәбірленушілер азаптаған полицейлердің бесеу ғана емес бұдан да көп екенін айтқан-тын.
Бұған дейін тараптардың қайта тергеуге жіберу не болмаса жібермеуі туралы келіспеуіне байланысты кейінге қалдырылған сот алтыншы рет аудармашының келмей қалуына байланысты тағыда кейінге қалдырылып 6 қазан, 15:00 сағатта өтетін болды.
Соттың кейінге қалдырылуына наразы ,болған жәбірленушілер мен құқық қорғаушылар бұны Еуроодақтан келген бақылаушыларға байланысты әдейі кейінге шегеріп отыр деп санайды. Толығырақ бейне материалдан көре аласыздар.