Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар 39 пайызға көбейді. Бұл туралы бүгін, 29 мамырда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Министрлік келтірген дерекке қарағанда, науқастардың 44 пайызы Алматы мен астананың үлесінде.
"Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққандардың 39 пайызға көбейгені байқалады. 29 маусым күнгі ақпарат бойынша, инфекциялық орындардың - 27 пайызы, реанимациядағы орындардың 24 пайызы бос емес" деді Цой.
Оның айтуынша, астанада инфекциялық стационардағы орындардың – 65 пайызы, реанимациядағы орындардың 74 пайызы бос емес. Алматыда бұл көрсеткіш 32-31 пайызды құрап отыр.
Министрдің пайымдауынша, вакциналау науқаны коронавирус жұқтырғандар санын екі есеге азайтуға мүмкіндік берді.
"Вакциналаудың тиімділігі зерттелді. Сәуір мен маусым аралығында вакцина алғандардың 1,3 млн-нан 3,2 млн-ға дейін өсуіне орай, ауру өсімінің екі есеге азайғаны байқалды" деді министр.
Оның айтуынша, қазір елде коронавирусқа қарсы вакцинаның 5,2 млн дозасы пайдаланылған: 3 246 795 адам вакцинаның алғашқы дозасын, 1 954 372 адам екінші дозасын алған. Ол екпе пунктерінде вакцина жеткілікті екенін жеткізді.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Судья Қаңтаршы–Бисаевқа мемлекеттік адвокаттың кеңесімен тағылған 272/2 бөлігімен үкім шығара ма?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев ауруханаға түсті
Жәбірленушілер үтік басып азаптаған Айдын Кенжебаевқа кешірім берді
Қаңтарда ту көтерген Берік Әбішев аурухананың жан сақтау бөліміне түсті