Парламент Мәжілісінің 107 депутаты анықталды. «Ескі үшем» партияның фракциялық жаңа құрамы туралы мәлімет белгілі болды.
«Естуші мемлекет» құрудың көздейтін Тоқаевтың «әділ де ашық өтеді» деп сендіруге тырысқан Қазақстанның мәжіліс және мәслихаттар сайлауының ресми қорытындысына сәйкес, «ескі үшем» саяси партиялар төменгі палатадан қайта орын алған. Олар – Nur Otan (76 мандат), «Ақ жол» (12 мандат) және «Қазақстанның халық партиясы» (10 мандат). Назарбаевтың билік партиясымен қатар төрағалық ететін консультативті ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясына жалпы мандаттың 8,5%-ы берілді.
Заң бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 9 мүшесі мәжіліске жолдама беріледі. 11 қаңтар күні Ассамблея өз ішінде өткізген сайлау нәтижесі негізінде төмендегі 9 адам «депутат» атанды:
- Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы
- Амирханян Аветик Рубенович
- Буларов Ильяс Юсупович
- Дементьева Наталья Григорьевна
- Набиев Вакиль Гусейнович
- Ли Юрий Виссарионович
- Осин Шамиль Абзалетдинович
- Тохтасунов Владимир Имтахунович
- Хамедов Абилфас Муслимович
Өзін «Қазақстанның демократиялық партиясы» санайтын «Ақ жол» Мәжілістің жетінші шақырылымына енетін депутаттарының тізімін бекітті:
- Азат Перуашев Тұрлыбекұлы
- Азамат Әбілдаев Рахатұлы
- Ерлан Барлыбаев Хайланұлы
- Берік Дүйсембинов Сәлімжанұлы
- Серік Ерубаев Сәрсенұлы
- Дания Еспаева Мәдиқызы
- Айгүл Жұмабаева Қызырқызы
- Қазыбек Иса Жарылқасынұлы
- Андрей Линник Григорьевич
- Ерлік Өмірғали Хайдарұлы
- Мақсат Раманқұлов Базаралыұлы
- Азат Сембинов Талғатұлы
Партия «Елімізді түбегейлі өзгерту уақыты жетті!» саяси бағдарламасын іс жүзіне асыруда қарқынды қайрат танытатынын мәлімдейміз!» деп уәде берді әлеуметтік желідегі жазба-мәлімдемесінде.
Сонымен қоса, бүгін «Nur Otan» партиясы мәжілістегі фракциясының құрамы 70%-ке жаңарғанын, депутаттыққа үміткерлердің орташа жасы төрт жасқа жасарғанын (орта есеппен – 49) сүйіншілей хабарлады. Тізімге енген 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес бюросының квотасы бойынша, анығы экс-президент Назарбаевтың ықыласы түскен үміткерлерден таңдалған. Құрылғалы бері биліктен бір табан алыстап көрмеген «президенттер» партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер үлесі – 29% (22 депутат). Олардың қатарын билік партиясының өмір бойғы төрағасы әрі елде отыз жылға жуық үздіксіз билік еткен Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева бастап тұр.
Мәжіліске жолдама алғандардың арасында тәуелсіз құқық қорғаушылар мен оппозициялық күштер «авторитар» ретінде жиі сынайтын Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы қаласынан ескерткіш орнатуды «жастар» атынан ұсынып, кейіннен азаматтық қоғамның түйреуіне іліккен Мәди Ахметов те бар. Партияға «жанымен берілген» Jas Otan жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы енді мәжілістің «ең жас әрі кенже» депутаты.
Сондай-ақ, жаңа депутаттардың тізімінде ақордашыл саясаттанушылар – Ерлан Сайыров пен Айдос Сарым, алтыншы шақырылымның депутаты Дархан Мыңбай, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік басылымдарда қызмет етіп келе жатқан журналист Жанарбек Әшімжанов, ақын Мақпал Мыса, көпбалалы әйелдерге бейәдеп сөйлеп, басы дауға іліккен Бахытбек Смағұл, былтыр жылдың ең даулы «қарғысымен» есте қалған Бекболат Тілеухан т.б. бар.
- Абақанов Елдос Нұрболұлы
- Абасов Қайнар Бегалыұлы
- Адамбаев Сырым Жұматайұлы
- Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
- Ақышев Самат Сағынбайұлы
- Ахметов Мәди Абылайұлы
- Әбдіғалиұлы Берік
- Әбсеметова Әлия Маратқызы
- Әлімбаев Данияр Кеңғазыұлы
- Әмреев Ғалым Махмұтбайлы
- Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
- Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы
- Бекжанов Берік Айдарбекұлы
- Бердалин Аманғали Бейсенбайұлы
- Бижанова Гүлнәр Қадыржанқызы
- Бойчин Анатолий Васильевич
- Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы
- Елубаев Мәди Сағынтайұлы
- Ержан Құдайберген Төлепұлы
- Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы
- Ертаев Сырым Махамбетұлы
- Жамалов Аманжан Мәкәрімұлы
- Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы
- Жулин Юрий Викторович
- Зәкиева Динара Болатқызы
- Имашева Снежанна Валерьевна
- Казанцев Павел Олегович
- Камасова Зарина Айдарханқызы
- Кесебаева Балайым Туғанбайқызы
- Ким Вера Александровна
- Колода Дмитрий Владимирович
- Кучинская Юлия Владимировна
- Қаратаев Фахриддин Әбдінабиұлы
- Қожахметов Арман Төлешұлы
- Құлшар Мәлік Иманқұлұлы
- Құсайынов Марат Әпсеметұлы
- Құспан Айгүл Сайфоллақызы
- Мусин Қанат Сергейұлы
- Мұсабаев Самат Базарбайұлы
- Мыңбай Дархан Қамзабекұлы
- Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы
- Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы
- Нұркина Айгүл Қабдешқызы
- Нұрманбетова Жәмила Нүсіпжанқызы
- Нұров Қанат Ильяұлы
- Нұрымова Гүлдара Алданышқызы
- Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы
- Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы
- Оспанов Берік Серікұлы
- Павловец Лариса Павловна
- Панченко Игорь Иванович
- Платонов Артур Станиславович
- Раззақ Нәзиля Раззақбайқызы
- Рақымжанов Әмірхан Мұратбекұлы
- Рамазанова Ләззат Керімқұлқызы
- Рау Альберт Павлович
- Сайыров Ерлан Бияхметұлы
- Сапарова Әлия Сүйіндікқызы
- Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы
- Сарым Айдос Әміроллаұлы
- Симонов Сергей Анатольевич
- Смағұл Бахытбек
- Смышляева Екатерина Васильевна
- Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы
- Сүлейменова Зүлфия Болатқызы
- Тайжанов Ерлік Серікбайұлы
- Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы
- Тәжмағамбетова Мақпал Мазаққызы
- Телпекбаева Жанна Тілеубекқызы
- Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы
- Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы
- Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы
- Тілеухан Бекболат Қанайұлы
- Унжакова Ирина Сергеевна
- Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы
- Шиповских Геннадий Геннадьевич
*Қазақстан халық партиясы 13 қаңтар өткен кезектен тыс съезінде фракцияның жаңа құрамын айқындады:
- Айқын Қоңыров
- Жамбыл Ахметбеков
- Ирина Смирнова
- Александр Милютин
- Сергей Решетников
- Айбек Паяев
- Ғазиз Құлахметов
- Ерлан Смайлов
- Файзолла Каменов
- Айжан Сқақова
10-11 қаңтар күндері Қазақстанда өткен парламенттік сайлау тәуелсіз бақылау институты мен оны жүзеге асырушы қоғамдық ұйымдарға жасалған түрлі қысыммен, сайлау кезіндегі әр алуан құқық бұзушылықтармен есте қалды. Ерікті бақылаушылардан бөлек ақпарат құралдарының сайлау учаскесінен хабар таратуына кедергі жасалды. Тәуелсіз бақылаушылардың көпшілігі сайлау аяқталарда және есептеу кезінде бірқатар заңсыздықтар орын алғанын алға тартады.
Астанамен етене Қытай және орыс тілі қолданысы сақталған елдерден келген ШЫҰ, ТМД байқаушыларының оң, ал ЕҚЫҰ байқаушы миссиясының «шынайы бәсекесіз әрі демократиялық талаптарға қайшы өтті» деген бағасын алған бұл саяси науқанда сайлауға елді «еліктірген» ADAL және «Ауыл» партиялары бұрынғы компартияның қасында «ерекше» жағдайда шаң қауып қалды. Бұған күмәнмен қарайтындар аз емес. Жаңа-танымал адамдарды тарту арқылы жақтастары бірер айда 250 мыңға толыққан ADAL партиясының сайлаудан кейінгі хәлін әлеуметтік желі қолданушылары 2019 жылғы президент сайлауындағы Қосанов кандидаттығымен салыстырады.
Еуропа одағы «сайлаушылар таңдау құқығынан айырылғанын» айтса, Қазақстанның Бас прокуратурасы сайлау күні өрескел қателік байқалмады, кейбір фактілерді «болмашы кемшілік» деп санайды. Жексенбідегі саяси науқанда наразылық білдірген оппозициялық топтар аяздыгүні 7-10 сағат бойы арнайы жасақтың қоршауында болды, республика көлемінде 200-ге жуық адам ұсталды.
Батыс байқаушылары осы уақытқа дейін Қазақстанда өткен сайлаудың ешқайсын «демократия талаптарына сай» деп мойындамаған.
*Қазақстанның халық партиясының 10 мандатына тиесілі депутаттар тізімі белгілі болған соң ақпарат толықтырылды