Бірнеше күн бұрын "жанар-жағар май ұрлау ісі" бойынша ұсталған Атырау облысы мәслихатына "Нұр Отан" партиясы атынан сайланған депутат Абзал-Сенбі Самалықов партия құрамынан шығарылды. Бұл туралы Informburo.kz сайты хабарлады.
Ақпаратқа қарғанда, Самалықов қазір ол үйқамақта отыр.
Informburo сайтының жазуынша, 18 маусымда партияның Мақат аудандық бөлімшесінің саяси кеңесі отырыс өткізіп, депутатты партиядан шығару туралы шешім қабылдаған.
15 маусымда Атырау жаңалықтарын жазатын "Ақжайық" порталы депутатпен бірге тағы 22 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуелі 20 адам үстінен "Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" бабы (262-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Кейін "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" (189-бап) бабы бойынша тағы бір қылмыстық іс пайда болған. Бұл бап бойынша депутат күдікке ілінген.
23 адам Мақат станциясындағы тауар таситын вагондардағы цистерналардан жанар-жағар май ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Тергеу органдарының болжамынша, күдіктілер былтыр 31 маусым мен 31 қазан аралығында құны шамамен 20 млн теңге болатын 120 тонна жанар-жағар май ұрлаған.
Абзал-Сенбі Самалықов "Локомотив" АҚ-тың Атырау қаласындағы бөлімшесінің директоры. Ол биыл "Нұр Отан" праймеризінен кейін облыстық мәслихатқа сайланған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті