Бүгін, 10 қаңтарда таңертең Алматы қаласы мен облысындағы сайлау учаскелеріне ақпарат тарату үшін барған Азаттық тілшілерін негізсіз талаппен кіргізбей қойған.

Осы уақытқа дейін ақпарат құралдарының өкілдеріне ПТР-тесті міндеттелмегеніне қарамастан сайлау комиссиялары тест қорытындысын сұратқан.

Қаладағы №173 сайлау учаскесіне барған Азаттық тілшісі Аян Қалмұраттан «сайлау комиссиясы төрағасы Нұржан Ысқақов» ПТР-тест талап етіп, ондағылар «қолын күштеп қайырып шығарып жіберген». Дәл осындай жағдай №350 және Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылындағы №894 және №893 сайлау учаскелерінде болған.

29 желтоқсан ОСК-мен келісілген бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, сайлау кезінде БАҚ өкілдері ПТР-тест тапсыруға міндеттелмеген, тек тек партияның сенімді өкілдері, сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушылардың ғана ПТР-тестен өтуге міндеттелген.

2 желтоқсан күні Қазақстан президенті Тоқаев 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін мәжіліс және мәслихаттар сайлауын «ашық әрі әділ өткізуге ниетті» екенін мәлімдеген еді. Дегенмен төрағасының «Кітапханаға» және мәжіліс депутаттығынан дәмелі Дариға Назарбаеваға туыстық жақындығы бар Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы президент сайлауынан кейін бақылаушыларға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондай-ақ, атқару органдары тарапынан қысым  артқан.

“The Qazaq Times”